Тек ҚАЗАҚТАР ғана... 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана өз тілін запасқа сақтап, орыс тілін қолданады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана однастороний жолдан өткенде екі жағына бірдей қарап өтеді 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана тойдан түсетін ақшаға сеніп кредит алып той жасайды 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана кредитін кредитпен жабады 😊 Тек ҚАЗАҚТАРдың ғана связы "Бəке мен Сəке " 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана ыстық күнде ыстық шаймен шөлін басады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана суық тиген мен көз тигеннен ауырады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана "стақанымыз соғысса да басымыз соғыспасын" деп тілек айтып, бастары ақыры соғысып тынады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана дəрігердің "неге ертерек келмедіңіз" деген сұрағына: "мəн бермей жүре беріппін, қазақпыз ғой" деп жауап береді 😊 Тек ҚАЗАҚТАРдың ғана Шымкентте əйтеуір бір туысқаны бар 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана үлкен үй салып, өздері "времянкада" отырады. 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана ауырса өз өздеріне диагноз қоя салады 😊 Тек ҚАЗАҚТАРдың ғана баласы оқуға түскенде қорасы бір босайды 😊 Тек ҚАЗАҚТАР таныс емес нөмірмен біреу хабарласса "бұл кім?" деп қасындағысынан сұрайды 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана киім алуға барғанда "бір сезонға жараса болды" деп сатып алады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана "ауыл деген керемет қой" дейді де, өздері қалаға асығады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана сұраса келе бір бірімен туысқан болып шығады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана "келіннің ұлтының кім екені маңызды емес, главный қазақ болса болды" дейді 😊 Тек ҚАЗАҚТАРдың балалары ғана қонақ келгенде "аш" қалады, себебі олар "қонақ кеткен соң жейді"... 😊Тек ҚАЗАҚТАР ғана кредит алып шетелге демалуға барады, бірақ демалыстан шаршап келеді... 😊Тек ҚАЗАҚТАРдан ғана қыста жылқылар қасқырдан бетер қорқады... 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана тойдан кейін бір ай үйіне продукты алмайды 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана "денсаулықты сатып аламайсың" дейді де, ауырса дəрігерлерге ақша береді.... 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана пара бергенде "мынаған обед ішерсің" деп айтып береді 😊 Тек ҚАЗАҚТЫҢ балалары ғана кішкентай кезінде "иттің күшігі" болады, сосын ата анасының баласына айналады 😊 Тек ҚАЗАҚТАРдың ғана "өзбектер мен қырғыздарға қарағанда жағдайлары жақсы" 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана демалыс күні үй тірлігін істеп "өліп шаршайды" 😊 Тек ҚАЗАҚТАРдың ғана құтқаратын сөзі "Құдайдың өзі кешірсін"... 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана жоғалтқан заттарын үй жинағанда тауып алады 😊 Тек ҚАЗАҚТАРДЫ ғана банктегілер өздері звондап кредит төлеуге шақырады 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана бірінші көлік алады, сосын права алады 😊 Тек ҚАЗАҚТАРдың ғана тойға келуі қиын, келген соң қайтуы қиын... 😊 Түскі шайын ішпеген ҚАЗАҚТАН ашулы адам жоқ 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана тойға екі нəрсесіз бармайды: тояна мен Айген пакетсіз 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана тəуекелшіл халық. Олардың тəуекел сөзі: бір мəнісі болар... 😊 Тек ҚАЗАҚТАР ғана өте ерекше ХАЛЫҚ 👍👍👍👏👏👏👏 P/s: я не нацистка)

Теги других блогов: өмір Қазақтар тәжірибе